Арқалық өңірлік ауруханасы қызметкерлерінің бастамасымен қазақ халқының басты жаңа жылы, күн мен түннің теңелген күні 22-Наурыз мейрамы биыл да атап өтілді. Бас дәрігер Н.А.Ержановтың қолдауымен осы аурухана ұжымы мен емделушілерге ақ дастархан жайылды. Онда қазақтың наурыз көжесінен бастап, түрлі ұлттық тағамдар, соның ішінде бауырсақ, құрт, ірімшік, жент, талқан, қаймақ, сары май тегін беріліп, емделушілер мен қала тұрғындарының қошемет алғыстарына бөленді.